Астана қаласындағы аударма қызметтері

on-line режимінде жұмыс нәтижесін тексеру мүмкіндігі ұсынылады
Аударма түрлері
Жазбаша аударма
Біз кез келген тақырыптағы және қиындықтағы құжаттармен жұмыс істейміз. Біздің жұмыс тәжірибеміз және мамандарымыздың біліктілігі барлық деңгейіндегі жұмысты орындауға мүмкіндік береді. Delta Consulting Group компаниясында ең үздік және тәжірибелі аудармашылар жұмыс істейд. Олардың кәсіпқойлығы жылдар бойы тексерілген, сонымен қатар, көптеген ғылым және техника салаларындағы білімі арқасында біз аударма қызметтерін жоғары деңгейде көрсете аламыз.
Ауызша аударма
Біздің компания жұмысының басты бағыты. Келіссөздердің нәтижесі әдетте ауызша аударманың сапасына байланысты болып жатады. Сол себепті де бұл қызметтің маңыздылығы мен жауаптылығын терең түсінеміз. Сонымен қатар ауызша аудармашының жұмысы компанияның бет-бейнесі мен абыройына ықпал етеді. Сапа мен сенімділікті басты мақсат етіп таңдағандықтан компанияда тәжірибелі және жоғары білікті ауызша аудармашылар тобы жұмыс істейді.
Ілеспе аударма
Ауызша аударманың ең қиын түрі. Синхронды аударма кезінде спикер үзіліссіз сөйлеп тұрады, ал, аудармашы мүдірместен екінші тілге аударып отырады. Бұл аударманың тағы бір қиындығы арнайы жабдықтар, яғни аудармашыға арналған кішкене кабина мен құлаққаптарды пайдалануды қажет етуінде. Аударманы тыңдаушылар құлаққаптар арқылы ести алады. Әдетте, синхронды аударма - ол жоғары деңгейдегі үлкен шаралар кезінде орындалатын аударма түрі.
Бірізді аударма
Ауызша аударманың тағы бір түрі. Бірізді аударма барысында аудармашы спикердің сөзін тыңдап, аударманы тиянақты бір ойды аяқтағаннан кейін жасайды. Мұндай аударма кезінде сөйлеуші аудармашы ойды жеткізуі үшін үзіліс жасап, аударуға мүмкіндік береді. Бірізді аударма ешқандай техникалық жабдықтарды қажет етпейді. Бұндай аудармалар кездесулер, келіссөздер, кішігірім жиналыстар барысында қолданылатын ауызша аударманың кең таралған түрі.
Жазбаша және ауызша аударманың бағыттар тізімі үнемі кеңейу үстінде және келесі негізгі салаларды қамтиды:
Заң саласы
Бизнес саласы
Қаржы саласы
Техникалық салалар
Коммерциялық саласы
Медицина саласы
Көркем аударма
Экономика саласы
Сайттарды аудару
Компания сандық түрде
  • 3 аударма бөлімінің үйлестірушілері
  • 10 штаттағы аудармашы
  • 500-ден астам штаттан тыс жазбаша аудармашы
  • 160 ауызша аудармашы
  • Олардың ішінде 70 іліспе аудармашы
  • Біз Аудармашылар Альянсының мүшелеріміз
  • 173 107 бет көлемінде жазбаша аударма/li>
  • 15 468 сағат көлемінде ауызша аударма
  • Тек соңғы 4 айда біздің мамандар 6 857 сағат көлемінде ауызша аударма орындады
  • Ал 2015 жылы жазбаша аударма мамандары 43 951 бет көлемін аударды.
Пруфридинг
Тіл иесі орындауындағы мәтіндерді оқып түзету, редакциялау.

Біздің компания арқылы аудармаға тапсырыс бере отырып, сіз мәтіннің мағынасы нақты және дұрыс жеткізілгеніне, терминологияның салыстыра тексерілгендігіне сенімді бола аласыз. Дегенмен тіл иесі ғана берілген мәнмәтінге қажет сәйкес ерекшеліктер, дұрыс сөз орамдары мен сөйлемдерді таңдай алады. Біздің тіл иелері әр жобаға сәйкес іріктелген белгілі саладағы мамандар.


Аударма үдерісін бақылаңыз
Заманауи технологияны енгізу арқасында, сіз аударма
нәтижесін өзіңізге ыңғайлы уақытта on-line режимінде қарай аласыз.
Келесі тапсырыс берген кезде аударма үдерісін жеделдету үшін,
біз әр клиентке жеке терминологиялық база жасаймыз.
Толығырақ
Неге бізді таңдайды?
Сіздің қажеттіліктеріңізге сай жобалау тобын ұйымдастырамыз
Клиенттің қызмет саласын толық зерттейміз
Әр жобаға сәйкес терминологиялық база жасаймыз
Заманауи бағдарламалық жасақтама қолданамыз!
Деректерді құпия сақтауға кепілдік береміз
Аудармашыларды оқытуға жасалған жеке бағдарлама
Заманауи технологияны қолданамыз
САТ - жүйелері аударма терминологиясын сақтауға мүмкіндік береді, ол аударма сапасын айтарлықтай жақсартып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді
Аударма сапасы
  • Әр жасалған аудармадағы бірізділікті сақтау
  • Тапсырыс берушінің аударманы оn-line бақылау мүмкіндігі
  • Мәтінді автоматты түрде тексеру
  • Аударма терминологиясының тапсырыс беруші үшін қолжетімділігі
Аударма жылдамдығы
  • Аудармашы мен редактордың бір мезгілде жұмыс істеуі
  • Ертеректе жасалған терминологияны енгізу мүмкіндігі
  • Бірнеше аудармашының бір уақытта жұмыс жасауы
Құпиясыз жұмыс жасау
  • Аудармашы мен редактордың бір мезгілде жұмыс істеуі
  • Ертеректе жасалған терминологияны енгізу мүмкіндігі
  • Бірнеше аудармашының бір уақытта жұмыс жасауы
Біздің аудармашылар қатысқан ерекше жобалар
Тапсырысқа берілген аударманы орындау барысындағы жұмыс тәртібі
Сапалы аударманың маңыздылығы
Сапалы аударылған құжатт сізді артық шығын жасаудан сақтайды және шетелдік серіктестермен заңдық қарым-қатынастардың нақты бейнесін көрсетеді
Сапалы аударылған техникалық құжат сізді төтенше оқиғаға тап болудан сақтайды
Сапалы аударылған медициналық нұсқаулықтар дәрі-дәрмектерді және жабдықтарды дұрыс қолдануыңызға кепілдік береді
Сапалы аударылған заң құжаттары соттың істі қарауында өз құқықтарыңызды қорғауға мүмкіндік береді.
Мәтініңіздің сынама аудармасына тапсырыс беріңіз
Мәтініңіздің сынама аудармасына тапсырыс беріңіз